420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Түркістан облысында көне ғимарат жөнделіп жатыр

  • 228
  • UPD: 15:06, 31.08.2020

Түркістан облысының Сайрам ауданында іргетасы 1900 жылы қаланған тарихи нысан күрделі жөндеуден өтіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сайрам аудандық Құрманбек Жандарбеков атындағы мәдениет үйінің тарихы тым тереңде. Іргетасы 1900 жылы қалаған 2 қабатты ғимарат алғашында шіркеу ретінде салынған. Кейін 1932 жылы ауылдық клуб болып өзгертілген. Ескі ғимаратқа әр жылдары жапсарлас нысандар салынып отырған. Соның нәтижесінде аудандық мәдениет үйі 5 бөліктен тұрады. Соңғы рет 2011 жылы күрделі жөндеуден өткен. Биыл «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы шеңберінде республикалық бюджеттен 95 млн теңге қаржы бөлініп, тарихи нысан толық жаңғыртылуда.

Дәулетхан Алашбаев, аудандық мәдениет үйінің директоры:

– Жөндеу жұмыстары бәрі жоғары деңгейде. Қазіргі таңда 60-70 пайыз жұмысы атқарылды. Аудандағы күнтізбелік мерекелік іс-шаралардың бәрі осы аудандық мәдениет үйінде өтеді.

50-ден аса бөлмесі, 400 орындық концерт залы бар мәдениет ошағына биыл ерекше көңіл бөлінуде. Мамандар тарихи нысанның алғашқы бөлігі өзінің сәулеттік ерекшелігін сақтап қалатынын айтады. Жөндеу жұмыстары биыл маусым айында басталған.

Бауыржан Айдарбекұлы, құрылыс басшысы:

– Жалпы, бәрін ауыстырып жатырмыз. Мына қабырғадан басқасының бәрін. Есік-терезе, ендені, ішкі-сыртқы құрылысы. Қазір залдың еденін төсеп бітуге таяп келе жатыр. Құрылыстың біту мерзімі осы жылдың 30 тамызы.

Жалпы, тарихи нысанның құрылысына 35 маман жұмылдырылған. Олардың 50 проценті жергілікті тұрғындар. «Мәдениет – адамзат әлемінің айнасы» дейтін болсақ, ауданда осындай рухани құндылықтарды дәріптейтін 9 мәдениет ошағы жұмыс істейді.

Авторлары: Жандос Жұмабек, Ерболат Әбіш

Телеканал Хабар 24