378.87 423.00 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Жетісайда өгей қыздарын ұрып соққан әйел 2 ай үйқамаққа алынды

  • 364
  • UPD: 17:53, 19.04.2019

Түркістан облысында балаларға жәбір көрсеткен тасжүрек ана Жетісай аудандық сотының шешімімен 2 айға үйқамаққа алынды.

Өгей шешеге Қылмыстық Кодекстің қос бірдей бабы, яғни қорлау және кәмелеттік жасқа толмаған жеткіншектер тәрбиесі міндетін орындамау бойынша айып тағылып отыр. Айта кетейік, бұған дейін күдіктіге қатысты сот қамауға алу туралы ұсынысты қараған еді.

Мұхтар Жолдасбеков, Жетісай аудандық сотының судьясы:

- Бұлтартпау шарасы ретінде санкциялаудан бас тартылды. Бас тартудың себебі күдікті Көбеева бұдан бұрын сотты болмаған, тұрақты мекен-жайы бар. Қарауында 2 жасқа толмаған баласы барын, сонымен бірге екінші перзентіне жүктілігі 30 апта екені, осыған дейін оған қатысты мәжбүрлеу не бұлтартпау шарасы қолданылмағаны, тергеуге кедергі жасамағаны, қоғамға қауіпті емесі анықтап, 2 айға үйқамақ шарасы берілді.

Телеканал Хабар 24