379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


ҚР ішкі істер органдарының полиция қызметкерлері кезектен тыс аттестаттаудан өтеді

  • 185
  • UPD: 20:41, 19.03.2019
ҚР ішкі істер органдарының полиция қызметкерлері кезектен тыс аттестаттаудан өтеді

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Қаулысымен Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының полиция қызметкерлері кезектен тыс аттестаттаудан өтеді.

Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының полиция қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізу туралы

«Құқық қорғау қызметі туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 47-1-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

  1. Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының полиция қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізу жөніндегі жоғары аттестаттау комиссиясы (бұдан әрі – Комиссия) құрылсын.   
  2. Қоса беріліп отырған:

1) Комиссия туралы ереже;

2) Комиссияның құрамы;

3) Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының полиция қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізу қағидалары бекітілсін.

  1. Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі 2019 жылғы 1 қыркүйекке дейін Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының полиция қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізсін, сондай-ақ осы Жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын. 
  2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

            Президенті                                                           Н. Назарбаев

 

Астана, Ақорда, 2019 жылғы 18 наурыз

                     № 879

Телеканал Хабар 24