377.33 425.55 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Ахмет Дәуітоғлы: Нұрсұлтан Назарбаев елдегі тыныштықты сақтап қала алды

  • 164
  • UPD: 12:50, 20.03.2019
Ахмет Дәуітоғлы: Нұрсұлтан Назарбаев елдегі тыныштықты сақтап қала алды

Нұрсұлтан Назарбаевтың тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуына қосқан үлесі жайлы мемлекеттік және саяси қайраткер, Түркияның бұрынғы Премьер-министрі Ахмет Дәуітоғлы журналист Назгүл Кенжебаймен өз пікірімен бөлісті.

Саясаткердің айтуынша, Қазақстанның Тұңғыш Президенті парасатты саясат жүргізіп, соның арқасында елдегі ішкі тұрақтылықты сақтап қала алды.

Ахмет Дәуітоғлы, Түркияның бұрынғы премьер-министрі:

- Нұрсұлтан Назарбаевтың басты жетістіктерінің бірі ел ішіндегі тыныштықты сақтап қала алды. Бұған қоса тиімді басқару жүйесін құрды. Қуатты мемлекеттің негізгі көрсеткіші болып табылатын экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етті. Үшіншіден, Нұрсұлтан Назарбаевтың арқасында тәуелсіздік жылдарында интеллектуалды элита қалыптасты.

Телеканал Хабар 24