423,91 504.32 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

АЭФ-ке Малайзия үкіметінің бұрынғы министрі И.Джала қатысады

  • 692
  • UPD: 09:03, 07.05.2018

Идрис Джала PEMANDU компаниясының бас директоры, Малайзия Үкіметінің бұрынғы министрі.

PEMANDU менеджмент саласындағы консалтингтік компанияның Бас атқарушы директоры. Компания 2009 жылы елдің экономикалық стратегиясының жетістіктері мен кемшіліктерін талдау және жоспарларды іске асыру мақсатында Малайзия үкіметінің жанынан арнайы мемлекеттік құрылым ретінде құрылған. Негізгі мақсаты мемлекеттік бағдарламалардың орындалуын бақылау және қадағалау. Бүгінде «PEMANDU Associates» мемлекеттік секторды транформациялау мен бизнесті дамыту саласындағы тәуелсіз консалтингтік компания дәрежесіне ие болды. Ол бүкіл әлем бойынша үкіметтік иновациялық компаниялардың үздік жиырмалығына кіреді. Ал Бас директоры Идрис Джала Азиядағы ең ықпалды саясаткердің бірі. Тағы да айта кетерлігі, осы стратегиялық жүйе енген 2009 жылдан кейін Малайзия экономикасы қарыштап дамып, елдегі кедейлердің саны азайды. Жекеменшік секторға құйылатын инвестиция 2 жарым пайызға артқан. Бюджет шығындары кеміп, ішкі қарыздар қысқарды. 2009-2014 жылдары дамудың осы көрсеткіштері бойынша Малайзия АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Жапония және Сингапур елдерінің алдына шықты.

Хабар 24 телеарнасы