421,91 511.30 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жапония депутаттары «Астана ЭКСПО-2017» көрмесіне келуге ниетті

  • 666
Жапония депутаттары «Астана ЭКСПО-2017» көрмесіне келуге ниетті

29 наурызда Токио қаласында екіжақты дипломатиялық қарым-қатынастар орнатылуының 25 жылдығына арналған Жапония Парламентінің Қазақстан Республикасымен достық лигасының жиналысы өтті.

Қазіргі уақытта Лига Кенестер палатасы мен Өкілдер палатасының 40-тан астам депутаттарын, соның ішінде қызметтегі Жапония Министрлер кабинетінің мүшелерін біріктірді.

Парламентшілерден тыс іс-шараға Сыртқы істер министрлігінің, Экономика, сауда және индустрия министрлігінің, сондай-ақ Жапония сыртқы сауда ұйымының өкілдері қатысты.

Жапониядағы Қазақстан елшісі Ерлан Баударбек-Қожатаев Қазақстанның саяси және әлеуметтік-экономикалық өмірінің соңғы үрдістері жөнінде жапондық заң шығарушыларды таныстырды.

Лига төрағасы, билеуші Либералдық-демократиялық партияның (ЛДП) көрнекті саясаткері Такео Кавамура өткен жылғы Қазақстанның Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ресми сапарының тарихи мәнге ие екендігін, сондай-ақ екі ел арасындағы саяси байланыстардың жоғары қарқынын сақтаудың маңызды екендігін атап көрсетті.

ЛДП Бас хатшысының орынбасары Акира Сато Қазақстандағы саяси-экономикалық реформаларды жоғары бағалады. Оның арқасында Астанада,Орталық Азияда алғаш рет «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі өткізіледі.

Жапония Парламенті Кеңестер палатасы арнайы комитетінің директоры Сацуки Катаяма атап өткендей, тәуілсіздік жылдары ішінде Қазақстан жүргізіліп отырған реформалардың тиімділгін көрсетті. Соның нәтижесінде Жапониямен өзара пайдалы экономикалық әріптестікті кеңейтуге жаңа мүмкіндіктер ашылды.

Лига жиналысының қорытындысы бойынша іс-шараға қатысушылар «ЭКСПО-2017» өткізілетін күндері Астанаға Жапония парламенттік делегациясының сапарын ұйымдастыруға қатысты жоспарлары туралы айтып өтті.

Хабар 24 телеарнасы