Warning
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 137
476,27 474,60 7,83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

ЕХРО елдің абыройын асқақтатты

  • 1162

ЕХРО 2017 елдік пен бірлікті паш етті.

Астанада абыроймен өткен көрме Қазақстанды төрткүл дүниеге жаңа қырынан танытып, қазақ халқының мерейін өсірді. Қытай астанасындағы қандастарымыз осылай дейді. Ал Бейжіңдегі Орталық Азияны зерттеу институтының профессоры Чжао ханым елімізді ЕХРО-ның сәтті өткізуімен құттықтады.

Шалқар Сансызбайұлы – Қытай мемлекеттік дәрі-дәрмек компаниясының Орталық Азия бойынша бас менеджері. Тоғыз жылдан бері Астанаға талай жолы түскен. Биыл жазда да ЕХРО көрмесін тамашалап қайтты. Жаһандағы озық технологиялар таныстырылған тарихи шараның куәсі болғанына қуанышты. Елорданың соңғы жылдары тіпті құлпырып кеткенін айтады. Сол мақтаныш сезімімен бөлісу үшін бүгін қытайлық көрші-қолаңын шақырып алды. Маңызды шараның жабылу салтанатын бірге тамашалады.

Шалқар Сансызбайұлы, Бейжің қаласының тұрғыны:

- Бұл ел экономикасының дамуына үлкен үлесін қосты. Көп адамдар жұмыспен қамтылды, шағын және орта бизнес дамыды. Сонымен қатар туризм саласы да бірге дамыды. Шет елден көп туристер келді.

Ресей, Шығыс Еуропа және Орталық Азияны зерттеу институтының профессоры Чжао Хуэйжун Қазақ елін ауқымды шараны сәтті өткізуімен құттықтады. «Қазақстанды жаһанды жақсылыққа шақыратын тың бастамаларымен, бейбітшілдігімен жақсы білеміз. Ал осы жолы әлем назары ЕХРО көрмесіне ауып, ең жас қала Астананы жақыннан таныды», дейді.

Чжао Хуэйжун, Ресей, Шығыс Еуропа және Орталық Азияны зерттеу институтының профессоры:

- Көрме тек Қазақстан «дауысын» әлемге тарататын алаңға айналған жоқ, сонымен қатар әлем елдері тың идеяларын ортаға салатын маңызды орынға айналды. Қазақстан дәстүрлі энергетика көздеріне соншалықты бай болса да, алғаш рет батыл қадам жасап, «Болашақтың энергиясы» тақырыбында көрме өткізді. Осыдан-ақ біз көршіміздің адамзат баласының жарқын болашағы берекелі болсын деген үлкен құлшынысын байқаймыз.

ЕХРО-да Қытай павильоны ең ауқымды 1 700 шаршы метрге жайылды. Онда алып көршіміздің «жасыл» энергетика саласындағы тың жаңалықтары көрсетіліп, 24 провинциясы мәдени күндерін өткізді.

Хабар 24 телеарнасы