Warning
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 137
385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ЕХРО 2017 нысандарының көрмеден кейінгі қолданысы қандай болмақ?

  • 738

ЕХРО 2017 халықаралық көрмесі нысандарының қандай мақсатта қолданылатыны белгілі болды.

Қалашық аумағындағы нысандардың басым бөлігі енді ел игілігі үшін жұмыс істейді. Мәселен, әлем бойынша сфера пішінді жалғыз ғимарат «Нұр әлем» болашақ мұражайына айналса, Энергия холы ресми және арнайы іс-шараларды өткізу үшін пайдаланылады. Бұл ғимарат 868 көрерменге лайықталған. Көрме кешені аумағында адам ресурстарын дамыту бойынша білім беру орталығы да пайда болады. Жоба «Арманда және іске асы» ұраны аясында жұмыс істеп, жастарға жоғары технологиялы мамандықтарды таңдауға көмектеседі. Сол секілді 3 жарым мың көрерменге арналған көпфункционалды конгресс орталығы мәдени және іскерлік шараларды өткізу үшін кең қолданыста болады.

Айта кетейік, С3 және С4 нысандарына «Астана» халықаралық қаржы орталығы орналаспақ. Сондай-ақ қалашықта жасыл технологиялар мен инвестициялық жобаларды жүзеге асыратын арнайы орталық құрылуы тиіс. Бұған қоса, Арт-орталық, IT технопарк сынды еліміздің мәдени және экономикалық әлеуетін көтеретін жаңа нысандар іске қосылады.

Хабар 24 телеарнасы