388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жапондар ауа райыны «болжайтын» қолшатыр ойлап тапты

  • 1176
Жапондар ауа райыны «болжайтын» қолшатыр ойлап тапты blogspot.com

Күнделікті үйден шықпас бұрын көбімізді «бүгін жауын жауар ма екен» деген сұрақ мазалайды.

Ал Жапониядағы компаниялардың бірі күн райын болжап беретін «ақылды» қолшатыр ойлап тауыпты. Jonas деп аталатын бұл инновациялық өнім арнайы бағдарлама арқылы смартфонға қосыла алады. Бұл қолшатыр көмегімен тек ауа райы туралы біліп ғана қоймай, телефонды бөлмеде жатқан жерінен тауып ала аласыз. Тек қолшатырды сілкілесеңіз болды: смартфонның вибрациясы өздігінен іске қосылады. Қолшатыр батареялардың көмегімен жұмыс жасайды, деп жазады planet-today.ru.

Дайындаған: Г.Абилова

Хабар 24 телеарнасы