383,69 432.40 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Рио-2016: Василий Левит жартылай финалда

  • 1011
Рио-2016: Василий Левит жартылай финалда фото: kfb.kz

Бокстан Қазақстан құрамасының өкілі Василий Левит Олимпиада ойындарының жартылай финалына шықты.

91 келіге дейінгі салмақта жұдырықтасқан отандасымыз енді финалға берілер жолдаманы кубалық қарсыласымен сарапқа салады. Ал ең жеңіл салмақта өнер көрсеткен Біржан Жақыпов өкінішке орай ширек финалдан әрі аса алмады. Қазақстандық былғары қолғап шебері Василий Левит Олимпиада ойындарының жартылай финалына шықты. 91 келіге дейінгі салмақта жұдырықтасқан отандасымыз Маврики елінің өкілі Кеннеди Сен-Пьерден үш раундта да басым болды. Енді жартылай финалда Василийдің қарсыласы кубалық былғары қолғап шебері Эрисланди Савон болады. Жекпе-жектің басынан аяғына дейін қарсыласынан басым болған қазақстандық жеңіс оңай келмеді,- дейді.

Василий Левит,Бокстан Қазақстан құрамасының мүшесі:

- Қарсыласым осал болған жоқ. Өзім де бірнеше рет қателікке бой алдырдым. Жалпы жеңіске жеткенімен ризамын. Әзірге жартылай финалға дейін біраз уақыт бар. Әлі де шеберлікті шыңдай түстемін.

Ал ең жеңіл салмақта рингке көтерілген Біржан Жақып өкінішке орай өзінің үшінші Олимпиадасын да сәтсіз аяқтады. Тәжірибелі боксшымыздың жолын ширек финалда өзбек елінің өкілі Хасанбой Дусматов кесті. Шапшаң қимылымен шаршы алаңда еркін қимылдаған өзбек оғланы лайықты жеңіске жетті.

Біржан Жақыпов,Бокстан Қазақстан құрамасының мүшесі:

- Ойымдағыны істей алмадым. Көп қатестім. Енді кінәнің барлығы өзімнен. Ел жұрттан, Қазақ елінен осы жеңіліс үшін кешірім сұраймын.

Сәтсіз жекпе-жектен кейін бас бапкер Мырзағали Айтжанов та жеңіл салмақтағы боксшымызға көңілі толмағанын жасырмады.

Мырзағали Айтжанов, Бокстан Қазақстан құрамасының бас бапкері:

- Бокс, бокстың құдыреті осындай. Мықтылар жеңіске жетеді. Бүгінгі күні Өзбекстандық боксшы Біржаннан мықты болып тұр. Барлық берілген тапсырмаларды былай айтқанда орындаған жоқ. Сәл өзін жоғалтып алды. Енді біреуді кінәлау ұят болар. Аузы аңқиып шықты дұрыс ойнай алмады.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Қазақстан құрамасының тағы бір өкілі Берік Әбдірахманов та жарыс жолынан шығып қалған еді. Енді қалған сегіз боксшымыздың жолына үмітпен қараймыз.

Авторы: Елдос Сапарғали.

Хабар 24 телеарнасы