384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елімізде алғаш рет қысқаметражды фильмдер фестивалі басталды

  • 731

Алматыда «Байқоңыр» республикалық қысқаметражды фильмдер фестивалі басталды. Киноиндустрия саласындағы мұндай жарыс елімізде алғаш рет өтіп отыр. Екі ай ішінде 200-ден астам туынды іріктеліп, 40 шақты шығарма таңдалған. Екі күнге созылатын шара барысында 10 аталым бойынша жеңімпаздар анықталады. Бас жүлде иегері XII «Еуразия» халықаралық кинофестиваліне жолдама алады. Байқаудың басты мақсаты – елімізде қысқаметражды картина түсіретін жас мамандарға қолдау көрсету. Айта кетерлігі, іріктелген фильмдер қатарында 20-ға жуық көркем және 8 деректі фильм, сондай-ақ анимация жанрында түсірілген 11 туынды бар. Жеңімпаздардың есімдері бүгін белгілі болады.

Ержан Жұмабеков, «Байқоңыр» республикалық кинофестивалі іріктеу комиссиясының мүшесі:

- Іріктеу комиссиясына түскен фильмдердің жанрлары әртүрлі, соның ішінде мистика, фантастика, балалар тақырыбындағы, спорт тақырыбындағы және авторлық фильмдер де бар. Әр жанрдың заңдылықтары бойынша таңдалды. Соның ішінде мән беретін нәрсе ол көркемдік ерекшеліктері, режиссердің ізденісі, шешімдері, айтар ойы, мәселесі.

Хабар 24 телеарнасы