387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мардиндегі бомбалы шабуылдан 3 әскери қаза тапты

  • 533
Мардиндегі бомбалы шабуылдан 3 әскери қаза тапты Фото: www.mizrakhaber.com

Түркияның Мардин провинциясында әскерилер мінген көлікке жасалған бомбалы шабуылдан зардап шеккендер жайлы мәлімет нақтылана бастады. Түрік ақпарат құралдарына сілтеме жасаған осы елдегі меншікті тілшіміз Ержан Жүністің хабарлауынша, осы уақытқа дейін жарылыстан 3 әскери қызметкер қаза тауып, 7-еуі әртүрлі деңгейде жарақат алған. Оқиға бүгін Мардин провинциясы Қызылтепе-Дерик жолының бойында орын алды. «Күрдістан жұмысшы партиясының» содырлары жауынгерлер тасымалдаған көлік Тепеда ауылына жақын жерде алдын ала жасырған жарылғыш заттарын іске қосқан. Қазір қауіпсіздік күштері қылмыскерлерді құрықтау бойынша аймақта арнайы операция жүргізуде. 

Хабар 24 телеарнасы