376,74 415,79 5,93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Жауыз» клоундар Германияға жетті

  • 1402
«Жауыз» клоундар Германияға жетті http://www.espanarusa.com/

Германияның Везель қаласындағы тұрғындар клоун болып киінген белгісіз біреудің тапанша ұстап тұрғанын байқап қалыпты.

Қасына жақындай бере, олар клоунның тек тапанша емес, пышақпен де қаруланғанын көрген. Дәл сол сәтте ол немісше, ағылшынша тіл қатып, оларды қорқыта бастаған. Бірақ, артынша клоун оқиға орнынан ізін суытып кетіпті, деп хабарлайды rp-online.de.

Айта кету керек, бұл «жауыз» клоунның Германия жерінде алғаш рет жұртқа көрінуі болды.

Осыған дейін АҚШ, Ұлыбритания, Австралия көшелерінде клоундардың пайда болып, жұрттың зәресін ұшырғаны туралы хабарланды.

Ал Британияда психологтар бұл құбылысты Clown Hysteria деп атады.

Дайындаған: Г.Абилова

Хабар 24 телеарнасы