376,43 406 5,86

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Санкт-Петербургте жастар мәселесін бірігіп шешу талқыланды

  • 841
Санкт-Петербургте жастар мәселесін бірігіп шешу талқыланды

Ресейдің Санкт-Петербург қаласында жастар парламентаралық ассамблеясының кезекті отырысы өтті.

Оған сегіз елдің өкілдері қатысып, жастар саясатына қатысты ортақ мәселелерді талқылады. Қазақстан атынан бұл жиынға Парламент Мәжілісінің депутаты Бақтияр Мәкен барды. Басқосуда негізінен ТМД-ның 25 жылдығы, жастар арасындағы ынтымақ, білім алу, әріптестік байланысты күшейту және жастарды жұмыспен қамту жайы қозғалды. Қазақстанның бұл бағытта бөлісер тәжірибесі жеткілікті. Өйткені мемлекеттік деңгейде қабылданған түрлі бағдарлама бар. Сондықтан елдер арасында ынтымақ орнатып, мәселені бірігіп шешу барлық қатысушы үшін аса маңызды.

Хабар 24 телеарнасы