384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Рио олимпиадасының чемпиондары музыкалық комедияға түсті

  • 930

Олимпиада чемпиондары Данияр Елеусінов, Дмитрий Баландин, Василий Левит және басқа да спортшылар музыкалық комедияға түсті.

Бұл олардың кино әлеміне алғашқы қадамы. Атлеттер түсірілім алаңындағы жұмыстар спорт алаңындағы жарыстардан соншалықты жеңіл емес екен дейді. Бұл туындыға Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен бірге қазақстандық эстрада әншілері де қатысты. «Армаңына ұмтыл!» музыкалық комедиясы екі аптаның ішінде түсірілді. Уақыт тығыз болғандықтан түсіру жұмыстары түннің бір уағына дейін жалғасқан. Әлемдік спорт додаларында шыңдалған қыз-жігіттер кино өнері біз үшін тың әлем, - дейді.

Данияр Елеусінов, Рио-Де-Жанейро олимпиадасының чемпионы

- Көп болған жоқ менің ролім бұл жерде. Бірақ соның өзі ұзақ түсірілді. Сондықтан да оңай жұмыс емес екен. Бұл жерде талант та керек, қабілет те керек.

Спортшылар өздерінің ролін ойнайды. Тек Александр Винокуровқа пошташының ролі бұйырған. Спортшыларға киноға түскен ұнап қалыпты. Болашақта салмақты кейіпкерлерді ойнау туралы ұсыныс болып жатса, қарсы емес екендерін айтады.

Василий Левит, Рио-Де-Жанейро олимпиадасының күміс жүлдегері:

- Егер бос уақытым болып жатса, неге түспеске. Өте қызық екен. Бірақ дәл қазіргі уақытта барлық ықыласым спортта.

Жаңа жылдық музакалық комедияға Әділбек Ниязымбетов, Жазира Жаппарқұл, Дамир Рыспаев және өзге де спортшылар түскен. Сондай-ақ, Роза Рымбаева, Дильназ Ахмадиева, Төреғали Төрәлі сынды эстрада әншілері де қатысты. Жылдың спорттық сыйлығы негізінде Ұлттық Олимпиада комитетінің тапсырысы бойынша түсірілген кинотуындыны «Хабар» телеарнасынан 31 желтоқсан күні кешкі сағат сегіз жарымда көре аласыздар.

Авторлары: Ұлан Нарынбек, Дінмұхаммед Қалиқұлов, Нұрдәулет Жақсыбаев.

Хабар 24 телеарнасы