387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

И.Тасмағамбетов қысқы Универсиадаға дайындықты пысықтады

  • 593

Премьер-министрдің орынбасары Иманғали Тасмағамбетов 28-ші дүниежүзілік қысқы Универсиадаға дайындық барысы мен спорттық шара нысандарын тексерді.

Көшпелі кеңес барысында барлық көрсетілетін қызметтер пысықталды. Көлік қызметі мен жол қауіпсіздігін сақтау осы бағыттағы жұмыстың жауапты бөлігі саналады. Тасмағамбетов қала тұрғындары мен қонақтарына қолайсыздықтар тудырмау үшін көлік қозғалысын реттеуге қосымша шаралар қабылдауды тапсырды.

Сондай-ақ, премьер-министрдің орынбасары қысқы Универсиаданың ұйымдастыру комитеті өкілдерінің қатысуымен жарыстар өткізілетін әрбір нысанда функционалдық талаптардың орындалуын қадағалауды міндеттеді.                                                                                                                         

Иманғали Тасмағамбетов, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары:

- Біздің 2011 жылғы қысқы Азия ойындарына дайындықты жүргізуде тәжірибеміз бар. Мұны делегаттарға, спорттық командаларға қызмет көрсетуде қолдануға болады. Сонымен қатар қала өзінің қалыпты қозғалысынан айнымауы керек. Жолдағы қауіпсіздік, көлік логистикасын дұрыс ұйымдастыру басты назарда болуы тиіс.

Бауыржан Байбек, Алматы қаласының әкімі: 

- Универсиада нысандарындағы құрылыс 30 мыңнан астам адамды жұмыспен қамтыды. 9,2 млрд теңге салық төленді. Универсиадаға дайындыққа 200-ден астам компания тартылды. Оның 80 пайызы – алматылық компаниялар. Бюджеттен бөлінген қаржы жүйелі түрде жұмсалды.

Хабар 24 телеарнасы