423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Журналистер арасында «Самғау» ұлттық байқауы басталды

  • 1703

Журналистер арасында «Самғау» ұлттық байқауы басталды.

Бас редакторлар клубы «Халық маркасы» қазақстандық тауар өндірушілерімен ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды. Байқау шарты бойынша бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері 30 қарашаға дейін отандық өнімді насихаттауға негізделген жұмыстарын жолдайды. Жеті аталым бойынша өтетін байқауда 25 сыйлық табысталады. Гран-при иегері отандық көлік кілтіне ие болмақ. Жіберілген мақала, сюжеттерді қоғам қайраткерлерінен құралған кеңес қарайды. Шара ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналып отыр. Ал байқау қорытындысы желтоқсанда жарияланады.

Римма Тәжібаева, «Халық маркасы» ЗТБ президенті:

- Біздің тұтынушымыз Қазақстанда қандай брендтер бар екенін жалпы білмейді деп айтуымызға болады. Сондықтан да сіздер осы конкурс арқылы қазақстандықтарға қазақстандық брендтердің, өнімдерінің бар екенін және олардың қандай екендерін осы конкурс арқылы жеткізсек деген ойдамыз.

Хабар 24 телеарнасы