389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанада балалар арасында І қысқы спорт фестивалі өтті

  • 1187

Бүгін мүмкіндігі шектеулі балалар мен аз қамтылған отбасынан шыққан бүлдіршіндер үшін алғашқы қысқы спорт фестивалі өтті.

Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған салтанатты шараға мұрындық болған ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасының қоры. Күннің қолайсыздығына қарамастан, балалар 8 командаға бөлініп, хоккей мен шаңғыдан сынға түсті. 8-12 жас аралығындағы жеткіншектер сырғанап, ал одан үлкендері шаңғы жарысынан өзара мықтыны анықтады. «Астана» хоккей командасының жас мүшелері мұз айдынында шайбалы хоккейден шеберлік байқасты.

Айта кетейік, 250-ден астам бала қатысқан алғашқы фестиваль енді Республикалық деңгейде жыл сайын ұйымдастырылатын болады.

Сұлтан Айтжанов, ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы қоры атқарушы директорының орынбасары:

- Бұл фестивальдің мақсаты – балаларды спортқа қатыстыру арқылы өз жетістіктерін көрсету, өмірдегі жолын таңдау. Ауа райына қарамастан балалар қатысып, ойнап, осыған белсенді қатысып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы