419,54 511.30 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елбасы: Қала мен ауыл мектептері арасындағы білім беру сапасының алшақтығын азайту қажет

  • 1793
  • UPD: 14:02, 31.01.2017

Елбасы биылғы жолдауының төртінші басымдығын адами капитал сапасын жақсартуға бағыттады.

Мемлекет басшысы ең алдымен білім беру жүйесінің рөлін өзгеру қажеттігін айтты. Міндет білім беруді экономикалық өсудің жаңа моделінің орталық буынына айналдыру. Осы тұрғыда қала мен ауыл мектептері арасындағы білім беру сапасының алшақтығын азайту қажет. Президент Үкіметке үш тілді оқуға кезең-кезеңмен көшу мәселесі бойынша тиісті ұсыныстар әзірлеуді тапсырды. Қазақ тілінің басымдығы сақталады. Оның дамуына зор көңіл бөлінеді. Ал 2019 жылдан бастап 10-11 сыныптарда кейбір пәндер ағылшын тілінде оқытылатын болды. Сондай-ақ елімізде тегін кәсіптік-техникалық білім беру жобасы іске асырыла бастады. Тегін оқытумен ең әуелі жұмыссыз жастар, сондай-ақ кәсіптік білімі жоқ ересек адамдар қамтылуы тиіс. Сонымен қатар жоғары білім беру жүйесі сапасына да ерекше назар аударылады.

Хабар 24 телеарнасы