377,29 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Бала тууға байланысты берілетін жәрдемақы

  • 1105

Тәуелсіздік жылдары елімізде баланың тууына орай төленетін жәрдемақы мөлшері 7 есе көбейді.

Соңғы 11 жылда (2003-2015 жж.) баланың тууына орай төленетін бір реттік жәрдемақы көлемі отбасындағы бала санына байланысты 7,8 есеге дейін ұлғайды (13 мың 177 теңгеден 103 мың 758 теңге дейін).

Әлеуметтік қолдаудың аталған  түрі еліміздегі туу көрсеткішіне оң әсер етті. Атап айтқанда, жоғарыдағы жәрдемақы енгізілген уақыттан бері бүгінге дейін бала туу 60% артқан. Бұл ретте халықты аталған жәрдемақымен қамту көрсеткіші 2,5 есеге ұлғайды.

2006 жылдан бері Қазақстанда жұмыс істемейтін әйелдердің бір жасқа дейінгі бала күтіміне  төленетін жәрдемақы енгізілді. 2006 жыл мен 2015 жылдар аралығында аталған жәрдемақы көлемі 3,7 есеге ұлғайды (алғаш туған балаға - 3 мың 90 теңгеден 11 мың 417 теңгеге, екінші балаға – 3 мың 605 теңгеден 13 мың 498 теңгеге, үшінші балаға 4 мың 120 теңгеден 15559 теңгеге дейін). Төртінші және одан кейін туған балаларға жәрдемақы 3,8 есеге - 4 мың 635 теңгеден 17 мың 640 теңгеге дейін артты.

Ақпарат көзі: mzsr.gov.kz

Хабар 24 телеарнасы