365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Транзитті Қазақстан. Отандық стартапшылар логистика саласында қандай жобалар ойлап табуда?

  • 390

Отандық стартапшылар ТМД нарығында жұмыс істеп жүр. Олардың мақсаты - транспорттық логистика саласының жұмысын автоматтандыру және оңтайландыру. Қазіргі таңда еліміздің барлық саласы жаңа технологиялармен жабдықталып, цифрландыру жүйесіне көшіп жатыр. Бар жаңашылдыққа көз ілесіп үлгермейді. Осы орайда отандық бастамашылар да қарап отырған жоқ. Білімді һәм білікті жастар түрлі нарықты қалай да тиімді ету мен уақытты ұтымды пайдаланудың жолын іздеп жатыр. Қазақстаннан бөлек ТМД нарығына жол тартқан жобалар алдағы уақытта АҚШ пен Еуропада да жұмыс істесе, таң қалмаңыз.

Хабар 24 телеарнасы