374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астана мерейтойына арналған отшашуды «Хабар 24» арнасы тікелей эфирде көрсетеді

  • Read 664 times
Астана мерейтойына арналған отшашуды «Хабар 24» арнасы тікелей эфирде көрсетеді elorda.info

6 шілде күні «Қазақ Елі» алаңында қазақстандық және шетелдік артистердің қатысуымен Астананың 20 жылдығына арналған Гала-концерт өтеді. Ашық аспан астында өтетін бессағаттық музыкалық шоуды көрем деушілерге тегін болмақ.

Қарақат Әбілдина, Қайрат Нұртас, Мәдина Сәдуақасова, Ардақ Балажанова, Қайрат Баекенов және «Формат» тобы және басқа да қазақстандық жұлдыздар Астананы туған күнімен құттықтайды.

Кеш хэдлайнерлері – қазіргі заманғы музыканың К-поп бағытының жарқын өкілдері Ninety One және оңтүстіккореялық Boyfriend топтары.

Сондай-ақ елорда тұрғындары мен қонақтарына 1998 жылы Қазақстанның жаңа елордасын барша әлемге таныстыру рәсіміне қатысқан «На-На» тобы өнер көрсетеді.

Кеш соңында елорда тұрғындар мен қонақтары мерекелік отшашуды тамашалай алады. Отшашу Бейбітшілік және келісім сарайы аумағында болады.

Айта кетейік, мерекелік отшашу  «Хабар 24» телеарнасынан тікелей эфирде трансляцияланады деп жоспарлануда.

back to top
Хабар 24 телеарнасы