376,06 433.40 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Баспасөзге шолу. Көк түтінге тұншығып, көмір жаққан Астана

  • 978
  • UPD: 13:56, 13.12.2018

Республикалық «Айқын» газетінің тілшісі Динара Тілеубек газет бетінде Астанадағы экологиялық ахуалды көтерген.

Онда автор қаладағы көк түтіннің сейілмейтінін айта отрып, себеп-салдарына үңіледі. «Көгілдір отынмен қамтылмаған Астанада жылына жекеменшік секторлардағы үйлер 400 мың тонна, 2 жылу электр станциясы 3 млн тонна көмір жағады», - деп нақты санайғақ келтіреді. Сондай-ақ мақалада эколог Мұсағали Дуанбековтың пікірі жазылады.

Aiqyn: Көк түтінге тұншығып, көмір жаққан Астана...

Астанадағы тұманның негізгі факторы – ЖЭС пен сапасыз көмір пайдаланатын жеке сектор. Сондықтан осы нысандарды көгілдір отынға ауыстырып, көліктерді де газға көшірсек, ауаның ластану мәселесі шешімін табар еді. Табиғи фактордың да рөлі бар. Қазгидрометтің мәліметінше, соңғы 15 жыл­да желдің жиілігі 20%-ға төмендеген. Желсіз күндері лас ауа қала үстінде қалады. Бұл тұста ауа ағынын қозғап, алып кететін жел құрылғыларын орнату туралы ойлануға болады. Еуропаның бірқатар мемлекеттері көмір қолданысын сақтай отырып, ауаға бөлінетін зиянды қалдық көлемін қысқартып отыр.

https://aikyn.kz/2018/12/12/75565.html

Алматы облысында мемлекеттік және жекеменшік әріптестік дамып келеді. Ал Павлодар облысында 7 ауылдың аты өзгертілмек. Бұл жайында толығырақ Баспасөзге шолу айдарынан білсек. «Хабар 24» арнасының тілшісі Алмас Садуақас баяндайды.

Алмас Садуақас:

- Мемлекет пен жекеменшік сектор арасындағы әріптестік байланыс нығайған сайын нәтижелі жұмыстар саны да артып келеді. «Әсіресе, аймақтардағы екіжақты қарым-қатынастың жемісін ел көріп отыр», - дейді Алматы облысындағы бағдарлама жетістігін жазған өңірдегі тілші Қалмахамбет Мұхаметқали. Бүгінде облыста 12 жоба сәтті жүзеге асырылған.  Бағдарлама бойынша іске асқан жобалардың басым бөлігін ауыл шаруашылығы мен білім беру саласына байланысты нысандер.

Egemen Qazaqstan gazeti. Мемлекет пен жекеменшік арасындағы нәтижелі байланыс

Жалпы Алматы облысындағы мемлекет пен жекеменшік арасындағы әріптестікті дамытудың нәтижесінде жекеменшік балабақшалар үлесі 70%-ға жеткен екен. Ал өткен бір жыл ішінде жеке инвесторлардың мектепке дейінгі білім беру бағытына салған қаржысы 1,7 млрд теңгені құрап отыр. Осылайша, Жетісуда мемлекет пен жекеменшік арасындағы әріптестікті жүзеге асыру белсенді жалғасуда. Бұл мақсатқа 2018-2019 жыл ішінде ғана 50,5 млрд теңге бөлу жоспарланып, ол қаржыға 31 жоба жүзеге асуы тиіс.

https://egemen.kz/article/177370-memleket-pen-zhekemenshik-arasyndaghy-natizheli-baylanys

Zhetysu-gazeti. Балам жақсы болсын десең...

Әр-ата ана өз перзентінің жақсы болғанын қалайды. Ал тәрбие басы тал бесіктен, отбасыдан басталады. Алматы облыстық «Жетісу» газетінде көпті толғандырып, ой салар мақала жарияланды. Автор - балалар психологы Жадыра Нүсіпова. Маман бала тәрбиесіндегі өзекті мәселелерді алға тарта отырып, ғалымдар ойымен бөліседі. Баланы еркелету керек. Алайда ол шолжаңға айналмауы қажет. «Әсіресе, ер азаматтар отбасы берекесі мен бірлігіне, ұрпағанының ұлағатты болуына терең мән беруі керек», - дейді автор.

«Көбінесе ұл балалар өсе келе әкесінен көргенді қайталайды. Неге әкелер деп отырмыз? Өйткені аналар үнемі балаларының жанында, ал әкелер түздің адамы боп есептеледі. 3 жасқа дейінгі баланың өміріндегі ең негізгі адам – анасы. Ал 4 жастан бастап балаға дос керек, оның ойнағысы келеді. 4 жастан 12 жасқа дейін бала өмірінде әкенің алатын орны үлкен. Бұл уақытта балалар әкеге мұқтаж. Сол себепті балаңыз ойнағысы келсе, бірге ойнаңыз. Қызыңыз қуыршаққа киім кигізе алмай жатса, көмектесіп жіберіңіз. Әрі 12 жасқа дейін балаңызбен бірге уақыт өткізбеген болсаңыз, одан кейін балаңыз сізді керек етпейді де».

http://zhetysu-gazeti.kz/news/cat-11/3760/

Павлодар облысында 72 көше мен 7 ауылдың атаулары өзгерді

Ұлттық рханият үшін жағымды жаңалық. Павлодар облысында 72 көше мен 7 ауылдың аты өзгертіледі. Бұл жөнінде газеттің  өңірдегі тілшісі Фарида Бықай ақпарат берді. «Атауы өзгерген көшелердің ішінде бұрынғы Кутузов пен Ленин көшелері де бар. «Еліміздегі ономастика комиссиясының шешімімен Ленин көшесі Астана, Кутузов көшесі Тәуелсіздік даңғылы деп өзгертілді», - дейді автор. Сонымен қатар көше атауларына белгілі батырлар мен билердің және Алаш қайраткерлерінің есімі берілмек.

https://egemen.kz/article/179139-pavlodar-oblysynda-72-koeshe-7-auyldynh-ataulary-oezgerdi

Бірақ атаулары өзгерген 72 көшенің басым көпшілігі-аудан орталықтарында, шағын ауылдарда. Облыс орталығында елдік мақсат-мүддеге сай өзгеретін көше атаулары да аз емес. Қазір облыс орталығындағы Суворов көшесіне Малайсары батырдың, Айманов-Торайғыров көшелерінің қиылысындағы көшеге Баян батырдың есімін беру жөнінде ұсыныстар қолдау табуда. Өткеніне оралар жер-су, ауыл, қала атаулары барын да ескерелік.

Көше атауларына белгілі батырлар мен билердің және Алаш қайраткерлерінің есімі берілмек.

Хабар 24 телеарнасы