379.86 423.80 5.90
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Баспасөзге шолу. Білім саласындағы жүйесіздік иесіздікке ұласпасын

  • 879
  • UPD: 12:32, 05.04.2019

Жүйесіздік иесіздікке ұласпасын. «Астана ақшамы». Бұл орайда автор Гүлмира Аймағанбет жаңа білім және ғылым министрінің білім саласында жасайтын кей өзгерістерін баяндаған екен.

Жаңалығы сол әліппе қайтып оралады. 2016 жылы бар кітапқа бас болған әліппенің орнын сауат ашу басып, бүлдіршіндердің онымен мәңгілікке қоштасқаны ешкімді бейжай қалдыр­мады. Әліпбиді танытқан әліппеден бір сәтте көз жазып қалғанымызда, Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова оқулықтың келесі жылы қайта енгізілетінін айтып елді бір қуантты. 

«Мектеп бағдарламасынан алынып тасталғалы бері «әліппеге» қатысты әңгіме тоқтамады десек те болады. Халықтың қарсылығын министр де түсінді. Сондықтан елдің пікірі ескерілгенін және айтқан талабын алдағы оқу жылында толық орындауға барлық мүмкіндік бар екенін ашық мәлімдеді. Әліппеге байланысты биылғы оқу жылында үлгермейміз. Келесі оқу жылында әліппе орнына қайта келеді. Жаңа оқу жылы басталуына аз ғана уақыт қалды. Қазір басқа кітаптар басылды. Елдің есін шығармай, келесі жылы әліппені қайтарамыз, – деп оқулыққа қатысты нақты ойын білдірді».

Тағы бір өзгеріс мұғалімдердің ағылшын тілін оқу курсы тоқтатылады. Шынында шалғай ауылдағы мектеп ұстаздарының өзі жаңа өзгеріс­терге ешқандай дайын емес екендіктерін жасырмап еді. Себебі білім ордаларында ең алдымен ағылшын тілі пәнінен сабақ беретін ұстаздың өзі тапшы болып шықты. Ерлан Сағадиевтің тұсында биология, химия, физика және информатика пәндерінен сабақ беретін 11800 мұғалім ағылшын тілі курсынан қайта даярлаудан өткені белгілі. 

«Жаңа жүйеге көшу үшін аямай қаржы бөлініп, ұстаздарға кеткен шығын 5,6 млрд теңгені құраған болатын. Бұдан былай мұғалімдерге ағылшын тілін үйрету курстары тоқтатылатын болды. Есесіне келесі жылдан бастап айлық курстар өткізуге арналған қаржы педагогикалық ұйымдарға беріледі. Нақтырақ айтқанда, аталмыш қаржы университет қабырғасынан педагог мамандарға тілді меңгеріп шығаруға жұмсалады. Бұл ретте министрдің өзі «Заман талабына сай балаларымыз, ең бірінші, өз ана тілін, қазақ тілін білуі керек. Себебі қазақ тілін біз тек Қазақстанда ғана дамыта аламыз. Екіншіден, жалпы интеграциялану үшін, басқа көрші мемлекеттермен жұмыс істеу үшін бізге орыс тілі мен ағылшын тілі қажет».

Білім беру саласында 500 мың адамның жалақысы өседі. Олардың қатарында мектепке дейінгі ұйымдар мен интернаттардың тәрбиешілері мен олардың көмекшілері, әдіскерлер, әлеуметтік педагогтар, балабақшалар мен колледждердің психологтары, қосымша білім беру ұйымдарының қызметкерлері, кітапханашылар, тәлімгерлер, бухгалтерлер, іс жүргізушілер, жинап тазалаушылар, аула тазартушылар, күзетшілер, пеш жағушылар, сантехниктер мен электриктер бар. Дәл қазіргі уақытта Білім және ғылым министрлігі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірлесіп, қызметкерлердің санаттарын және жалақысын арттыру көлемін нақты анықтау жұмыстарымен айналысуды қолға алған.

Әлеуметтік желідегі әкімдер. Бұл Егемен Қазақстан газетінде жарық көрген мақала. Авторы Амангелді Құрметтің  жазуынша, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік қызметшілерге халықпен жақын болуды тапсырып, заманауи комму никация құралдарын кеңінен қолдануға кеңес бергені сол еді, әр өңірдегі түрлі деңгейдегі әкімдер мен  басқар ма басшылары әлеуметтік желілерге жаппай тіркеле бастады. Жалпы Əр əлеуметтік желінің өзіндік ерекшеліктері бар. Егер сырттай қарайтын болсақ, Қазақстанда балалар мен жасөспірімдер көбіне ВКонтакте желісінде, орта буын мен белсенді азаматтар Facebook-та, шоу-бизнес өкілдері мен қыз-келіншектер Instagram-да көбірек шоғыр ланған. Енді оған Twitter қосылып жатыр.

Амангелді Құрмет, «Egemen Qazaqstan»

«BrandAnalitiks компаниясы таратқан деректерге сенсек, былтыр желтоқсанда ВКонтакте желісіне 2 млн, Instagram-ға 1,5 млн, Facebook-қа 2,5 млн отандасымыз тіркелген. Бірақ Facebookтағы белсенді қолданушылар саны 400 мың шамасында болыпты. Twitter-ге 2018 жылдың соңында 28 мың 600 қазақстандық тіркелсе керек. Жалпы тіркелген аккаунттар 6 млн төңірегінде ғана. Бұл дегеніңіз біздегі интернетке қол жеткізген азаматтар əлеуметтік желілерді емес, мессенджерлерді көбірек қолданады деген тұжырым жасауға мəжбүрлейді. Яғни WhatsApp пен Telegram көш басында тұруы мүмкін». 

Twitter демекші, қазақстандықтардың бірқатары осы желіге айрықша назар аударды. Бұрынғы аккаунты барлар қайта оралып, жоқтары жаңадан ашуда.

Амангелді Құрмет, «Egemen Qazaqstan»

«Ал Twitter-бум жасауға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ықпалы болғанын байқау қиын емес. Бұрын бұл желіде тіркелген жоғары лауазымды қызметкерлердің арасынан тек Қ.Тоқаев пен К.Мəсімов қана көзге түсетін. Бүгінде Мемлекет басшысының Twitter аккаунтында 115 мың жазылушы бар. Соңғы күндері Twitter-ге Қарағанды облысының əкімі Ерлан Қошановтың тіркелгенін көрдік. Өз аккаунтынан жаңалықтар бөлісе бастады. Батыс Қазақстан облысының əкімі Алтай Көлгінов бұл желіге 2017 жылдың қарашасында тіркелген. Содан бері азды-көпті белсенділік танытып келеді. Ал бұл желіде Бауыржан Байбек пен Өмірзақ Шөкеевтің атынан аккаунттар 2011 жылы ашылған. Қырымбек Көшербаевтың атынан да сол жылы аккаунт ашылыпты. Бірақ үшеуінде де ешқандай жазба жоқ. Бүгінде Павлодар облысын басқарып отырған Болат Бақауовтың да атынан аккаунт ашылыпты. 2014 жылы. Бұл да бос. Қысқасы, Twitter-де əкім аз».

Facebook-тегі әкімдер. Facebook-те əдетте белсенділік жоғары болады. Əлеуметтік желілердің ішін де Facebook үнемі у-шу болады да жатады. Мұндағы оқырмандар тым белсенді. Бəлкім, содан да шығар әкімдердің бірқатары туиттермен бірге фаейсбукке де тіркеліп жатыр.

Амангелді Құрмет, «Egemen Qazaqstan»

«Ақтөбе облысының əкімі Оңдасын Оразалин жақында ғана осы желіден аккаунт ашты. Əзірге Ақтөбе əкімінің Facebook-тегі достарының саны мыңға жеткен жоқ. Оның аккаунты наурыз айының 28-і күні ашылды. Солтүстік Қазақстан облысының əкімі Құмар Ақсақаловтың да Facebook-тегі жазылушылары мол емес. Ол да аккаунтын 28 наурызда ашқан. Сонымен қатар Facebook-та Маңғыстау облысының əкімі Ералы Тоғжановтың атынан ашылған аккаунт бар. Ол бұл желіге 2017 жылдың 23 желтоқсанында тіркелген. Оның да жазылушылары мол емес. Алайда 2018 жылдың 1 сəуірінде аталған аккаунт иесі облыс əкімінің əлеуметтік желіге жеке өз атынан тіркелмегенін, бұл аккаунт тұрғындардың жергілікті атқарушы органдарға деген сенімін нығайту əрі аймақтағы оқиғалардан хабардар етіп отыру мақсатында ашылғанын жазды. Яғни аккаунт тікелей Маңғыстау əкіміне тиесілі емес».

Автор былай дейді. Фейк аккаунттар көбейіп барады. Жақында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Instagram əлеуметтік желісінен парақша ашқан болатын. Əрине Instagram-ның бұқара үшін ең танымал желілердің бірі екендігі анық. Алайда саясаткерлердің бұл желіге тіркелуі түрлі фейктердің қаптап кетуіне алып келген сыңайлы. Өйткені tokayev_online деген мазмұндағы 34 аккаунт кездесті.

Амангелді Құрмет, «Egemen Qazaqstan»

«Сенат Төрағасы Дариға Назарбаеваның атынан да парақша ашылған. Бірақ Сенаттың баспасөз қызметі Дариға Нұрсұлтанқызының ешбір əлеуметтік желіге тіркелмегенін мəлімдеді. Дегенмен, Instagram-да Сенат Төрағасының аты-жөнінен аумайтын есім-сойы бар 6 парақша таптық. Олардың екеуінде Сенат Төрағасының суреттері жарияланған. Яғни, мақсатты түрде ашылған фейк аккаунттар. Сонымен қатар бұл желіде Асқар Мамин деген атпен 6 азамат тіркелген. Соның ішінде mamin_online деген аккаунт та бар. Онда аккаунт иесін Үкімет басшысы деп көрсеткен. Бірақ Үкіметтің баспасөз қызметі бұл парақшаның да фейк екенін мəлімдеді. Қысқасы, атқамінерлердің əлеуметтік желілерге тіркелуі бір жағынан пайдалы болса, екінші жағынан жалған ақпарат тарататын фейктердің де көбеюіне себепші болып отыр».

Автордың жазуынша, SMM маманы Нұрлан Жанай əлеуметтік желілерге шенеуніктердің тіркелуі науқанға айналып кетпеуі керек екенін айтады. Кез келген басшы əлеуметтік желілердегі жұмыстың маңызын түсінгені дұрыс.

Хабар 24 телеарнасы