389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияның Сыртқы істер министрі М.Чавушоглуды қабылдады

  • 419
  • UPD: 20:23, 24.05.2019

Кездесу барысында Мемлекет басшысы қазақ-түрік қатынастарының достық, өзара түсіністік пен ынтымақтастық рухында қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.

– Тарихи тамыры терең қатынастарымыз өте жақсы. Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қарым-қатынасты нығайтуға өзінің зор үлесін қосты. Бүгінде елдеріміз арасындағы тауар айналымы 2 миллиард долларға жуықтады. Қазақстан нарығында көптеген түрік компаниялары табысты еңбек етуде. Халықаралық күн тәртібіндегі ауқымды мәселелерге, атап айтқанда көп жақты ұйымдар аясындағы өзара іс-қимылдарға қатысты пікірлеріміз ортақ, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

М.Чавушоглу Қазақстан Президентіне алғыс айтып, екі ел арасындағы стратегиялық серіктестіктің конструктивті сипатын атап өтті.

Хабар 24 телеарнасы