384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанда күн суытып, қар жауады

  • 294
Қазақстанда күн суытып, қар жауады udm-info

Қазгидромет қарашаның 5-7-сі аралығына арналған ауа райы болжамын жариялады.

Суық атмосфералық фронттармен белсенді циклон республиканың батыс, орталық және солтүстік облыстарында ауа температурасының төмендеуіне, жауын-шашын, екпінді жел, кей жерлерде бұрқасынның болуына әсер етті. Қазақстанның оңтүстігінде де күн суытып, жаңбыр және жылбысқы қар түрінде жауын-шашынның жаууы басталды.

Алдағы тәулікте циклонның шығыс бағытта жылжуымен республиканың оңтүстік-шығыс және шығысында жауын-шашын – жаңбыр, қар, екпінді жел күтіледі. Сондықтан Қазақстанның барлық аумағында ауа температурасы 0-ден төмен болады, солтүстік жартысында түнде – минус 2…10°С, оңтүстігінде – 0…8°С, бұл көрсеткіш орташа көпжылдық нормадан 3…6°С төмен.

Хабар 24 телеарнасы