Бүгін таңертең сағат 09:00 шамасында Қызылорда қаласының орталығында ірі жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Tayota Camry автокөлігінің жүргізушісі «Мерседес» көлігімен соқтығысып, көлік тізгінін жоғалтып, аялдамада тұрған адамдарды қағып кетті. Өңірдегі тілшіміздің хабарлауынша, оқиға орнында 3 адам қаза тапқан. Зардап шеккен екі адам облыстық медициналық орталыққа жеткізілді. Көлік жүргізушісі уақытша қамау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.