425,82 518.00 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Еліміздің барлық өңірлерінде «Nur Otan» ішкі партиялық іріктеуі өтеді

  • 618
  • UPD: 20:50, 05.03.2020

«Nur Otan» іріктеу өтеді. Саяси партия әр аймақтағы белсенді мүшелерін анықтап, алда өтетін Парламент сайлауына қатыстыруды көздеп отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өткен партияның саяси бюро кеңесінің кезекті отырысында мәлім болды. Елбасы партия мүшелерін жиірек ел арасына шығып, бұқараның базынасын тыңдауға әрі мұң-мұқтажын дереу шешуге шақырды.

Бас партия алда өтетін аламанға тыңғылықты әзірленіп жатыр. Осыған дейін «Бақытты отбасы», «Ардагерлерді ардақтайық» және «Кедергісіз келешек» бағдарламаларын әзірлеген. Қазір осы жобалар сәтті жүзеге асып жатыр. Бірақ тоқмейілсіп қалуға болмайды. Сондықтан Елбасы партия мүшелерін әлі де белсенді болуға шақырды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы:

- Партия басшылығы, Мәжіліс және мәслихат депутаттарына шалғай аудандарды қоса алғанда, орындарға бару керек. Адамдармен кездесіп, мәселелерді шешу керек. Бұл мәселелер өңірлік партиялық бағдарламаларда көрініс табуы тиіс.

Белсенділерді анықтау үшін «Nur Otan» праймериз өткізетін болды. Осы айдың соңынан бастап мамыр айының ортасына дейін үздіктерін іріктейді. Көзге түскендері алда өтетін парламенттік сайлауға қатысады. Бағы жанса, Мәжіліс пен мәслихатқа депутат болады.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы:

Считаю, что это правильная мера, которая позволит нам выявить самых активных и надёжных членов, которые будут решать вопросы от имени партии.

Елбасының төрағалығымен өткен отырыста бюро қаулысы қабылданды. Праймериз өткізудің жобасы алдын ала мақұлданды. Енді оны 18 наурыз күні бекітпек.

Авторы: Дастан Сейілханұлы

Хабар 24 телеарнасы