421,91 511.30 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Оқушыға қажет заттардың бағасы қалай құбылды?

  • 413
  • UPD: 09:56, 25.08.2020

Жаңа оқу жылының басталуына алты күн қалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Коронавирус салдарынан мектеп біткен дәстүрлі салттан жаңылуға мәжбүр болды. Ата-ананың да уайымы көбейіп тұр. Кәсіпкерлердің мұңы да жетіп артылады. Себебі олардың бизнесі де оқу басталар тұста қыза түсетін. 

Мектепте оқуға керек кітап дәптерді енді үйде ұмыту мүмкін емес, өйткені қазақстандық балалардың көпшілігі онлайн-режимде оқуды бастайды. Биыл міндетті мектеп формасынан бас тартуға рұқсат етілді. Дегенмен қағаз-қаламды сатып алып, ата-аналар әдеттегінше балаларын оқу жылына дайындауды бастады. Сұраныс жылдағыдан азаймаған.

Толғанай Омарова, кеңсе тауарлары дүкенінің сатушысы:

– Ата-аналар көп келеді. Тауар алады. Сауда жақсы жүріп жатыр. Биылдан бастап онлайн сату іске қосылды. Баға қатты өскен жоқ. Барлығы қолжетімді бағада.

Карантин кезінде кеңсе тауарларын сататын сауда желілері жабылған еді. Тұтынушылардан айырылып қалмау үшін биылғы жылы олардың көпшілігі интернет-дүкендер ашты. Енді онлайн тапсырыс беріп, үйіңізге оқушы балаңызға керек-жарақты алдыра аласыз.

БЛИЦ:

– Менің ойымша, осы жылы біз көп ақша үнемдейміз. Себебі үйден оқимыз. Электронды форматқа өткен өте ыңғайлы деп ойлаймын.

– Жылда осы жерден аламыз. Үлкенім 11-сыныпқа, 8-ге одан кейін 2-сыныпқа барады.

– Балам 4-сыныпқа барады. Биыл мектеп формасы керек емес деді. Тек компьютер керек. Ал дәптер-қаламды әдеттегідей алып жатырмыз. Үйде оқыса да барлығы керек.

Биыл сұраныс ноутбук-компьютерлерге өте көп. Себебі үйде оқитын оқушыға бұл ең керек құрал болмақ. Сәйкесінше баға да өскен. Жылда алатын қалам мен дәптерге енді компьютер қосылса, көп ата-анаға оңай болмасы анық.

Авторлары: Гүлзия Нақыпқызы, Марат Диханбаев

Хабар 24 телеарнасы