374,84 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Зерендідегі лагерьде түрлі салада табысқа жеткен тұлғалармен кездесу өтіп тұрады

  • 178
  • UPD: 23:33, 13.08.2018

Ақмола облысының Зеренді курортты өңірінде кеше ғана ашылған республикалық жастар жазғы білім лагері енді жыл сайын жұмыс істейді.

Себебі тақырыптық сессияларға түрлі салада табысқа жеткен білімді де білікті жастар жиналады. Ал олардың тәжірибесі замандастарына пайдалы болмақ.

«100 жаңа есім» жобасына енген жас маман. Ақпараттық технологияларды мықтап меңгерген 24 жастағы жігіт елімізде алғаш болып бионикалық протездерді жасауды қолға алды.

Оның айырмашылығы қажеті бағдарламалармен қамтамасыз етілген протез қимыл-қозғалысқа келеді. қазірдің өзінде Қазақстанда 4 адам осындай протездердің игілігін көріп отыр.

Мәулен Бектұрғанов, инноватор-ғалым:

- Бұл жәй ғана жоба емес. Мүмкіндігі шектеулі жандарға өте керекті зат. Біз қазір протезді барынша цифрландыруға, оған түрлі гаджеттер орнатуға тырысып жатырмыз. Балаларға да жасаймыз. 

Ал мына жігіттер жастарға цифрландыру жұмысын кез келген салаға қолданысқа енгізуге болатынын түсіндіріп бағуда. Себебі, олар жас та болса осы саланың жілігін шағып, майын ішкендер.

Aсхат Серғазин, бизнес-тренер:

- Цифровизация - ол тек ғана құрал. Оны алып кез-келген салаға салып жібересіз. Иә, мысалы, ауылшаруашылығына барсаң да, мектептерге барсаң да көп проблемалар бар. Оны цифрландыруға болады.

Жалпы лагерь жұмысы екі аптаға созылады. Осы уақыт аралығында жастар, Цифрландыру, рухани жаңғыру және кәсіпкерлік тақырыптарында елімізге танымал тұлғалардан дәріс тыңдап, олардан дамыған заманда бәсекеге қабілетті болуды үйренеді.

Шахло Акрамова, жастар ұйымының жетекшісі /Шымкент/:

- Мен осы лагерьде көптеген қыздар, балалармен таныстым. Соның ішінде мені Серік деген бала өте таңқалдырды. Сила духа, мықты. Жалпы лагерь бізге мықты мотивация береді. Өз қаламызға келгенде біз жастармен жұмыстарды жалғастыра береміз деген ойдамын. 

Айта кетейік, биылғы жазғы білім лагеріне 300 бала қатысады. 

Авторлары: Дамир Берікұлы, Анатолий Полянный

Осы категория бойынша: « Оқуға түсерде спорттағы жетістігі ескерілмеген түлектердің ата-аналары наразылық танытты Елімізде жоғары оқу орындары автономды болуға дайын »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы