374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Фермерлер мен ғалымдар «ақылды технологияның» пайдасын ойын арқылы анықтап көрді

  • 254
  • UPD: 22:35, 16.08.2018

«Ақылды теxнология» ауылға беттеді. Диқандар, ғалымдар мен жергілікті билік өкілдері ауыл шаруашылығын цифрландыруға кірісті.

Олар сандық теxнологияның пайдасын ойын арқылы анықтап көрді.

Көпшілікке белгілі зияткерлік телеойынның қазақстандық нұсқасы Ақмола облысында өтті. Әңгіменің төркініне көшпес бұрын әуелі қатысушылармен таныс болыңыздар.

Агроном, фермер, жергілікті билік өкілі - бұлардың бәрі «ақылды технологияны» ұтымды қолдану жолдарын іздеді бүгін. Сөйтіп, цифрландырудың арқасында дәлме-дәл егін шаруашылығын өркендетіп, өрісін кеңейтуді мақсат етіп отыр. Қойылған міндет оңай болмағандықтан, қатысушылар қызыл кеңірдек болып айтысты.

Ақиқатын айту керек, мұнда жиналған сан саланың мамандары ойнап жүрген жоқ. Осылайша олар тәлім алып жүр. Бәрінде ортақ мүдде, ортақ мақсат. Еліміздің отандық ауыл шаруашылығын дамыту. Сондықтан бүгінгі оқуға қатысушылар берілген тапсырманы бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып орындап отыр.

Алдағы бес жылда қазақстандық диқандардың алдында еңбек өнімділігі мен экспортқа шығарылатын өнімнің көлемін 2,5 есе ұлғайту міндеті тұр. Ал оған қалай қол жеткіземіз? Ауыл шаруашылығы министрлігі мұны фермерлерге ойын арқылы түсіндіруге тырысты.

Арман Евниев, ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің бірінші вице-министрі:

- Бұл мақсатқа жету үшін әрбір фермер өзінің шығаратын өніма көлемін 2,5 есе көбейту керек. Оған ол қалай қол жеткізе алады? Олар жаңа технологияны қолданса, сол кезде ғана бұл мақсаитқа қол жеткізуге мүмкіншілік бар. 

Мамандардың болжауынша, биыл егін бітік шығады екен. Есесіне басты бәсекелестеріміз Ресей мен Еуропаның жинайтын астығы қуаңшылықтың салдарынан аз болмақ. Сол себепті қазір біздің диқандар Түркия мен Солтүстік Африкаға сары алтынды экспорттауға алақандарын ысқылап, дайын отыр. 

Авторлары: Ж.Біркенов, Е.Зайытхан

Осы категория бойынша: « Елордалық колледж студенттері хостелдерге орналастырылады Өлкетану пәнін оқытуға 20 сағат бөлінген »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы