420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Волонтерлер Қордайдағы дүнген этносының өкілдеріне қазақ тілін үйретіп жүр

  • 263
  • UPD: 22:30, 27.08.2020

2020 жылды Қазақстан президенті волонтер жылы деп белгілегені аян. Жолдауда айтылған тапсырмаға сәйкес, биыл жамбылдық еріктілер 9 бөлімнен тұратын 21 жоба бастап, жүзеге асырып жатыр. Әсіресе волонтерлердің індет белең алған кездегі еңбегі ерен. Жастар қазір тағы бір тың әлеуметтік жобаны қолға алды. Олар Қордай ауданындағы үш ауылдың тұрғындарына мемлекеттік тілді үйретіп, дәріс беріп жүр.

Жыл басынан бері әулиеаталық волонтерлер 700-ге жуық іс-шара ұйымдастырды. Шараларға 6 мыңға тарта ерікті жұмылды. Қазір жастар «Тілдер саябағы» әлеуметтік жобасын жүзеге асырып жатыр. Олар еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған волонтерлермен бірігіп, мемлекеттік тілді тегін үйретеді. Студент жастар жергілікті 6 мен 65 жас аралығындағы тұрғындарды жинап, ағылшын, француз сынды шет тілдерін үйретіп, дәріс береді. Әсіресе мемлекеттік тілге басымдық беріліп отыр. Ұйымдастырушылар жазғы маусымда мыңға тарта адамды қамтыған. Жалпы 150 адамнан құралған еріктілер тобы Қазақстан бойынша 30 ауылда қолдау тауып, жүзеге асты. 

Бақнұр Зиябеков, «Тілдер саябағы» әлеуметтік жобасының жетекшісі:

- Ешқандай тапсырмасыз. Тек ғана ойын түрлері арқылы. Өз методикамыз бар. Сол арқылы оқытатын боламыз. Негізгі мақсат мемлекеттік тілді дәріптегіміз келеді. Өйткені жергілікті дүнген халқына қазақ тілі өте керек болып жатыр. Біздің методиканың ерекшелігі біз жекелей қызықтыру, қоздыру арқылы баланы және топты бір үлкен бағытқа бағыттауға болады. Сол бағыттау арқылы сол баланың мотивациясын ашамыз. 

Аймақта сондай-ақ президенттің халық үніне құлақ асатын мемлекет қалыптастыру жөніндегі тапсырмасына ерекше басымдық берілген. Өңірде мемлекеттік мекемелер қызмет көрсетудің сервистік форматына көшіп жатыр. Бүгінгі күнге дейін Тараз қаласында екі және алты ауданда сервистік әкімдік жұмысын бастады. Солардың бірі Байзақ ауданында ашылды.

Алмагүл Өтетілеуова, Байзақ ауданының тұрғыны:

- Метриканы енді алып жатырмын да балаларымды больницаға тіркеп жатырмын. Соған ключ ашып бер деді маған больницадағылар. Сол үшін келгем. 

- Бұл кісіде не мәселе болып тұр?

- Мәселе сол ключ ашылмаған. Енді ключ ашу керек мына жерден ашамыз еговпен. Ключ ашқаннан кейін медицинский прикрепление дейді соған қойып тіркеп береміз. Болды. Больницаға бармай-ақ осы жерден тіркесе болады. Ключті де алуға болады.  

Мұнан былай шалғай ауылдың тұрғындары аудан орталығына келгенде әр жерде орналасқан бөлімдерді іздеп сабылмайды. Барлық жұмысты бір ғимараттан бітіріп шығады. Келушілер жер, тұрғын үй, әлеуметтік салалар мен құрылыс, жол сынды мәселелер бойынша қызмет ала алады. Сондай-ақ күту залы, тегін Wi-Fi мен арнайы өзіне өзі қызмет көрсету бұрышы бар. Бұл мемлекеттік қызметтің сапасын көтеріп, халықтың цифрлық сауаттылығын арттыруға мүмкіндік береді.

Мамандардың айтуынша, ең бастысы, сервистік әкімдікте мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде жемқорлық әрекеттеріне жол берілмейді екен.

Равиль Төлебаев, ҚР СЖҚҚА ЖОБ Департамент басшысының бірінші орынбасары:

- Мемлекет басшысының «халық үніне құлақ асатын мемлекет қалыптастыру» концепциясының аясында барлық мемлекеттік мекемелер өзінің жұмыс формасын сервистік форматқа көшіру тапсырмасы берілген болатын. Міне осының айқын көрінісі бүгін көріп отырсыздар. Халықпен тығыз байланыста болатын бөлімдер өзінің қызмет көрсетулерін бір жерде кешенді түрде көрсетеді. Яғни осы сервистік әкімдікке келген тұрғындар бір мәселесімен келіп, бірнеше мәселесін осы жерде шешіп кетуге барлық жағдай жасалған. 

Қазір облыстағы он ауданың алтауындағы мемлекеттік мекемелер сервистік қызмет форматына көшті. Қалған Жамбыл, Жуалы, Тұрар Рысқұлов және Шу аудандары жоспар бойынша қазан айына дейін қамтылады.

Авторлары: Руслан Бақытбекұлы, Бақытжан Бапаев

Хабар 24 телеарнасы