384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Есіл өзеніндегі жағажай маусымы ашылады

  • 961
  • UPD: 17:03, 06.06.2018
Есіл өзеніндегі жағажай маусымы ашылады

7 маусымда Астанада суға түсу маусымы ашылады.

Бұл туралы Астана қаласының орталық саябағының эксплуатация бөлімінің басшысы Ирина Масленка мәлімдеді, деп хабарлайды Елорда Инфо.

«Жағажайға бес құтқарушы мен бір көліктік техника тартылды, ол әр секунд сайын елордалықтардың қауіпсіздігін қадағалайтын болады. Қалалық жағажайға шатырлар, қоғамдық дәретхана және тазартылған құмдар, сондай-ақ терең орындарға белгілер мен қоршаулар орнатылған», – деді ол.

Орталық саябақта орналасқан жағажайға кіру ақысы биыл өзгеріссіз қалды: билет құны ересектерге – 500 теңге, балалар үшін – 200 теңге, ал мүгедектер, зейнеткерлер мен жеті жасқа дейінгі балалар үшін тегін.

«Сонымен қатар биыл саябақта отбасылық жағажай клубы ашылды. «Кешенде үш жүзу бассейні бар. Біріншісі – ең кіші, оның тереңдігі – 20 см. Екінші бассейннің тереңдігі – 1,5 м, ал ересектерге арналған үшінші бассейннің тереңдігі – 2,5 м. Ересектер үшін билеттің бағасы – 5000 тг, балалар үшін – 3000 тг, үш жасқа дейінгі балалар тегін», – деді Ирина Масленко.

Айта кетейік, «Қазгидрометтің» мәліметі бойынша, ертең Астанада ауа райы күндіз +28 градусты, кешке +17 градус шамасында болады.  

Хабар 24 телеарнасы