365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

БАҚ арасында байқау жарияланды

  • 473
БАҚ арасында байқау жарияланды

Астана қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы «Тіл маржаны» атты БАҚ өкілдері арасында байқау жариялайды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің баспасөз қызметі.

Іс-шараның негізгі мақсаты – Астана қаласының 20 жылдығы және «Рухани жаңғыру» бағдарламасын насихаттау жолында бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған материалдарды саралап, үздік авторларды марапаттау. Байқаудың Астананың 20 жылдығы, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы, Мемлекеттік тілді насихаттау тақырыптарын қамтиды.

Журналистер 6 аталым бойынша марапатталады:

  • Үздік радиобағдарлама, радиожоба
  • Үздік телебағдарлама, тележоба
  • Үздік мақала (газет, журнал)
  • Үздік сайт мақала
  • Үздік бейнеролик
  • Үздік қысқа метражды фильм

Байқауға өтінімдер мен материалдарды 28 маусымға дейін baq_20@mail.ru электронды поштасына жолдау қажет.

Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі 3 шілдеде өтеді.

Қосымша ақпаратты 8701 830 65 30, 8 (7172) 55 67 02 нөмірлері бойынша білуге болады.

Осы категория бойынша: « Астанада ауа температурасы 30 градусқа дейін көтеріледі Екі облысқа дауылды ескерту жарияланды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы