374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

23-29 шілде аралығында Астанада қайда баруға болады

  • 297
  • UPD: 11:08, 23.07.2018
23-29 шілде аралығында Астанада қайда баруға болады EGEMEN.KZ

Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты 23-29 шілде аралығында өтетін мәдени-спорттық шаралардың жоспарын ұсынады.

23-29 шілде аралығында жұмыс күндері сағат 14:00-ден 18:00-ге дейін, демалыс күндері сағат 12:00-ден 16:00-ге дейін «Столичный», «Жерұйық», «Студенческий» саябақтарында Астананың 20 жылдығына арналған «Семь чудес парка» концерттер топтамасы жалғасады.

Ал «Нұржол» сулы-жасыл желек жолында 23-29 шілде аралығында елордалық «ASTANA AROUND US» фотоөнер фестивалі аясында қонақтардың назарына түрлі фотосуреттер ұсынылатын болады. Экспозицияны сағат таңғы 10:00-ден бастап көруге болады.

Тәуелсіздік сарайында бұл күндері ҚР Өнер Академиясының «Астана – арман қала» атты қолданбалы және көркемсурет көрмесі, «Аканаевтар әулеті», С.Мүсіреповтың «Жаңа бастау» көрмелері жұмыс істейді.

27 шілдеде сағат 17:00-де «Жастар» сарайында қалалықтар үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы акция – марафонға арналған концерттік бағдарлама ұсынылмақ.

Ал «Астана-Опера» театрының үлкен залында 27-30 шілде аралығында өнерсүйер қауым «Gala De Paris» балетін тамашалай алады. Басталуы: сағат 19:00-де.

«ЭКСПО» көрме кешенінің аумағында 28-29 шілдеде сағат 11:00-де, 16:00-де қала тұрғындары мен қонақтарының алдында Мұрат Мұтырғановтың «Шапито» циркінің әртістері өнер көрсетеді. Дәл осы күндері сағат 16:00-де елордациркінің ғимаратында өз қойылымдарын Никулиннің мәскеулік «Планета 13» циркінің ұжымы қалың жұртқа паш етпек.

29 шілдеде сағат 14:00-де астаналықтар«Hanabi Fest» жапондық мәдениет пен анимация фестивалінің қонағы атана алады. Ерекше шара «Жастар» сарайында өтетін болады.

Мәдени аптаны қаланың тұрғын үй алаптарында өтетін «Думанды Сарыарқа» концерті тәмамдайды. Концерттер 29 шілдедегі сағат 15:00-ге және 19:00-ге белгіленіп отыр.

Бұдан бөлек, 23-29 шілде аралығында елорданың саябақтары мен гүл бақтарында көптеген іс-шаралар ұйымдастырылады деп күтілуде. Мәселен, 28 шілдеде сағат 8:00-де «Ailand Astana» ойын-сауық орталығында автодыбыс және тюнинг бойынша чемпионаттың финалы өтеді. 29 шілдеде сағат таңғы 9:00-де шаңғыроллерлі тас жолында шаңғыроллер бойынша Астана қаласы ашық кубогының қатысушылары жарысқа түсетін болады.

Осы категория бойынша: « Еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды Елордада бұршақ жаууы мүмкін »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы