378.77 425.70 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Республиканың кей аймақтарында жел күшейеді

  • 146
Республиканың кей аймақтарында жел күшейеді xn----9sbwchcqaebc9a6frc.xn--p1ai

Қазақстанның басым аумағы антициклонның ықпалында болады, осыған байланысты республиканың батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында атмосфералық фронтальды бөліктер өтеді, кей жерлерде найзағай, жаңбыр жауады.

Республиканың кей аймақтарында жел күшейіп, оңтүстікте шаңды дауыл, шығыста дауыл күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін, оңтүстік-батыста тұман болады.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз найзағай, дауыл күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін. Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 20-25 м/с күшейеді. Павлодар, Түркістан, Атырау, Қостанай облыстарында кей жерлерде тұман, жел 15-20 м/с күшейеді. Күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, шаңды дауыл болады. Маңғыстау, түнде Ақмола, күндіз Жамбыл, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман, Маңғыстау облысында кей жерлерде тұман күтіледі.

Ақпарат көзі: kazhydromet.kz

Хабар 24 телеарнасы