380,56 429.20 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алдағы тәуліктерде еліміздің басым бөлігінде күн жылы болады

  • 256
  • UPD: 12:44, 27.05.2019
Алдағы тәуліктерде еліміздің басым бөлігінде күн жылы болады Pixabay

Синоптиктер 28-30 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады.

«Қазгидрометтің» болжамы бойынша алдағы үш тәулікте күн жылынады.

«Мамырдың және көктемнің соңғы күндерінде Қазақстанның көптеген облыстарында температураның жоғарылауы, бірақ жаңбырмен бірге найзағай және екпінді жел күтіледі. Алдағы тәулікте солтүстік, орталық, шығыс және оңтүстік облыстарында жауын-шашынсыз болғанымен, батыс облысы аймақтарында белсенді циклондық құйын қалыптасты, соның салдарынан онда жаңбыр, ал оның шығысқа қарай ығысуымен республиканың қалған аймақтарында жаңбырмен бірге найзағай күтіледі», - делінген хабарламада.

 

Хабар 24 телеарнасы