384.05 434.70 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еліміздің бірқатар өңірінде өзен суының деңгейі көтерілуі мүмкін

  • 143
  • UPD: 14:15, 05.06.2019
Еліміздің бірқатар өңірінде өзен суының деңгейі көтерілуі мүмкін Казинформ

Нөсерлі жаңбыр салдарынан еліміздің бірнеше өңірінде өзен суының деңгейі көтерілуі мүмкін.

Бұл туралы ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир Беккер хабарлады.

«Қазгидрометтің» хабарлауынша, 5-6 маусымда Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарында, 6 маусымда Павлодар облысында жаңбыр күтіледі. Кей жерлерде күшті жел тұрып, солтүстік-бастыстан секундына 15-25 метр жылдамдықпен жел ұйытқуы мүмкін. Жекелеген аудандарда тұман түсіп, нөсер соңы бұршаққа ұласады. Ауа температурасы түнде 2-7 градусқа, түнде 10-15 градусқа дейін түсуі мүмкін. Кей жерлерде темпертура 18 градус деңгейінде сақталады. 5 маусымда Қостанай облысында да ауа температурасы 2-7 градусқа дейін түседі. Ауа райы бұзылуының ықтималдығы- 85-90%» - деді комитет өкілі бүгін ІІМ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, бірнеше облыста толассыз жауын әсерінен өзендердің деңгейі көтерілуі мүмкін.

«Бұл «Қазгидрометтің» 3 маусым күнгі мәліметі. Ал 4 маусым күнгі ақпарат бойынша, 5-7 маусым күндері Шығыс Қазақстан облысында, 6-7 маусым аралығында Жамбыл, Түркістан, Алматы облыстарында жаңбыр күтіледі. Кей жерлерде қатты жауын-шашын салдарынан өзендерде су деңгейі көтерілуі мүмкін» - деді Владимир Беккер.

Хабар 24 телеарнасы