386,91 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жолаушылар пойызына билет сатып алатын ресми сайт жұмысын тоқтатады

  • 403
  • UPD: 16:17, 07.08.2019
Жолаушылар пойызына билет сатып алатын ресми сайт жұмысын тоқтатады

Елімізде жолаушылар пойызына билет сатып алатын ресми сайт (epay.railways.kz) жұмыс істеуін тоқтатады. 

«2019 жылдың 15 қыркүйегінде epay.railways.kz сайтының жабылуына байланысты, 1 тамыздан бастап электрондық теміржол билетін сатып алу және пайдаланушылардың тіркелу қызметі жабылады», – делінген хабарлмада.

Дегенмен, 2019 жылдың 1 тамызынан бастап 45 күн аралығында сатып алған электронды билеттерін қайтару және басып шығарып алу мүмкіндігі сақталады.

«2019 жылдың 1 тамызынан бастап теміржол билеттерін bilet.railways.kz сайтынан сатып алуға мүмкіндік беріледі. Қолайсыздық үшін кешірім өтінеміз!» делінген хабарламада.

Елорда Инфо

Хабар 24 телеарнасы