386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қыркүйек туды, күз келді: алдағы үш тәулікке арналған ауа райы болжамы

  • 209
  • UPD: 14:09, 09.09.2019
Қыркүйек туды, күз келді: алдағы үш тәулікке арналған ауа райы болжамы frazy.su

Ай басталғалы Қазақстанның бірқатар аймағында суық орнап, күз демі сезілді.

Аспан түнеріп, ауық-ауық жаңбыр сіркіреді.

Қазгидромет ұсынған мәліметке сүйенсек, табиғаттың мұндай мінез танытуы биіктіктегі барикалық жыра арқылы Оралдан түсіп жатқан ылғал ауа мен атмосфералық фронттарға байланысты.

Олардың айтуынша, 10-12 қыркүйекте де еліміз бойынша дәл осы құбылыс сақталады. Әсіресе, оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірдің тұрғындары жылы киініп, сақ жүргені абзал. Солтүстік, орталық және шығыс аймақтарда да теромометр бағаны 3°С дейін төмендеп, қатқақ күтіледі.

Республиканың тек батысында күн шайдай ашылып, антициклонның шығыс бағытта жылжуынан Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығысында жауын-шашын сап тыйылады.

Хабар 24 телеарнасы