386,20 429,31 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елорданың травматологиялық пункттері қалай жұмыс істейді

  • 188
  • UPD: 15:10, 11.11.2019
Елорданың травматологиялық пункттері қалай жұмыс істейді

Елордада соңғы 2 күнде травматологиялық пункттерге 60 адам жүгінген. Оның ішінде 29 бала көктайғақтан жарақат алды, деп хабарлады қалалық әкімдіктің ресми сайты.

Нұр-Сұлтанда 4 травмпункт пен емханалардағы 20 травматологиялық кабинет көмек көрсетеді. №1 қалалық аурухананың трамвпункті Есіл ауданының тұрғындарына қызмет көрсетеді. Орталық жол ауруханасының жарақат пункті Сарыарқа ауданының тұрғындарына арналған.

Ал Травматология және ортопедия ҒЗИ Алматы және Байқоңыр аудандарына көмек көрсетеді. Бұл ретте балалар үшін №2 қалалық балалар ауруханасының жарақат пункті жұмыс істейді.

Емханалар 08:00-ден 20:00-ге дейін қызмет көрсетеді. Бұл мекемелердің көмегіне пациенттер тұрғылықты жері бойынша жүгіне алады (анықтамалық ақпарат 109 арқылы).

Хабар 24 телеарнасы