376,51 420,09 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бірнеше облыста жолдар жабылды

  • 366
Бірнеше облыста жолдар жабылды

Ауа райының қолайсыздығына байланысты бірнеше облыста жолдар жабылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Атап айтсақ, Ақмола, Павлодар және Қарағанды аймақтарында кей бағыттағы жолдар жабық. Үкімет отырысында премьер-министр Асқар Мамин да ауа райының бұзылуына байланысты жауапты органдарға жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуді тапсырды. Алдын ала жасалған ескертулерге қарамастан, көптеген жүргізуші жолға шығып кетті», – деді Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев.

Министрдің айтуынша, 16-22 желтоқсан аралығында 104 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, соның салдарынан 39 адам көз жұмған. Өткір мәселеге қатысты министрдің баяндамасын тыңдай келе, Үкімет басшысы нақты тапсырма берді.

Хабар 24 телеарнасы