427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еліміздің басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынды болады – синоптиктер

  • 967
  • UPD: 10:43, 29.12.2019
Еліміздің басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынды болады – синоптиктер uganka.ru

Қазақстанның басым бөлігіне Қара теңіз аймақтарынан жылжыған циклон мен онымен байланысты атмосфералық ағындар әсер етеді.

Бұл туралы «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі хабарлайды.

Кәсіпорын таратқан ақпараттарға қарағанда, Қазақстан Республикасының басым бөлігіне жауын-шашын және қар аралас жаңбыр жауады. Кей жерлерге тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейіп, бұрқасын болуы ықтимал.

Ақмола, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде бұрқасын болып, тұман түседі, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Қарағанды облысының кей жерлерінде көктайғақ болуы мүмкін.

Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде жаяу бұрқасын болып, тұман түседі, желдің жылдамдығы секундына 15-20 м/с болады. Шығыс Қазақстан облысында, күндіз Жарма ауылында желдің жылдамдығы секундына 25 м/с жетуі ықтимал.

Жамбыл, Қызылорда, Атырау, Батыс Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Жамбыл, Павлодар облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с жылдамдықпен ұйытқиды.

Түркістан, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман болады. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын болып, күндіз жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.

Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 17-22 м/с-қа күшейеді.

 

Хабар 24 телеарнасы