447,67 487,00 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордадан шығатын барлық бағыттағы тас жол жабылды

  • 191
  • UPD: 10:50, 14.02.2020
Елордадан шығатын барлық бағыттағы тас жол жабылды

Ауа райының күрт құбылуына байланысты елордалық Төтенше жағдайлар департаменті Нұр-Сұлтан – Қабанбай батыр бағытынан басқа барлық тас жолдардың жабылғандығын мәлімдеді.

Төтенше жағдайлар департаменті елорда тұрғындары мен қонақтарына қала сыртына сапар жасамауды, жол ережесін сақтап, ауа райының өзгеруі мен енгізілген шектеулер туралы ақпаратты қадағалауды ұсынады.

Қазгидромет деректері бойынша, 14 ақпан күні елордада ауа райы құбылмалы, күннің екінші жартысында қар жаууы ықтимал. Жел оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жылдамдықта ұйытқиды.

Көліктен ақау шығып немесе жолдың көрінуі нашарлағанда тас жолдың жиегінде тоқтап, дабыл белгісін беру керек және капотты көтеріп, антеннаға көзге түсетін ашық түсті матаны ілгеннен соң, автокөліктің ішінде отырып көмекті күтуі қажет. Төтенше жағдай туындаған кезде 112 телефонына қоңырау шалу керектігін айта кеткен жөн.

Ақпарат көзі: Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Хабар 24 телеарнасы