411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Карантин кезінде үйде немен айналысуға болады?

  • 609
  • UPD: 15:25, 28.03.2020
Карантин кезінде үйде немен айналысуға болады?

Күнделікті күйбең тірліктің шырмауынан шыға алмай жүрген жандарды карантин абдыратып тастағаны рас.

Дегенмен, бұл уақытты үреймен емес, пайдалы іспен өткізуге болады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мәселен, рухани азық алам деген жандарға елімізде онлайн кітапхана жұмыс істеп тұр.

Нұржан Жолдыбалинов, ҚР ҰАК басшысының ақпараттық ресурстар бойынша жетекшісінің орынбасары:

- Онлайн режимде атақты жазушылармен кездесу ұйымдастырып жатырмыз. Пайдаланушылар үшін барлық салалары бойынша қазақстандық басылымдарға қолжетімділік берілді: сирек кітаптар мен қолжазбаларға, мақалаларға, газеттер мен журналдарға, көркем әдебиетке, мемлекет және құқық, өнер т.б.

Заманауи технологиялардың арқасында сіз мұражайға виртуалды тур жасай аласыз. Осы орайда Ұлттық музейде онлайн экспонаттарын ұсынды.

Айбар Қасеналин, ҚР Ұлттық музей директорының орынбасары:

- Арнайы жәдігер деп аталатын жобаны жүзеге асырудамыз. Оның ішіне жетекші ғалымдардың бейне дәрістері, танымдық роликтер. Сонымен қатар шеберлік сағаттары көрсетілетін болады. Кез келген адам тегін көре алады. Әлеуметтік желіде шеберлік сағатын  күніне 1500-ге жуық адам қарады.

Отандық әртістер де өнерге ынтық жандар үшін онлайн концерт беріп жатыр.

Қазақстандық спортшылар бос уақытта спортпен айналысуға шақыратын жаңа челлендж бастады.

Елорда тұрғындары да қалыс қалмай, желіде марафон жүргізіп жатыр.

Кез келген ауруға қарсы тұру үшін тән мен жан саулығына мән берген абзал. Дәл осылай бос уақытты тиімді пайдалануға болады.

Авторлары: Наргиз Бекмағанбетова, Ермек Кеншімбек, Жандос Битабаров, Наурыз Базаров, Асель Орынтаева

Хабар 24 телеарнасы