405,69 456,25 5.76
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еліміздің төрт облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

  • 196
  • UPD: 15:47, 25.05.2020
Еліміздің төрт облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды Өскен өңір

Еліміздің төрт облысында ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды.

Қызылорда облысы

26 мамырда Қызылорда облысында солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз 15-20, кей жерлерде 25 м/с шаңды дауылмен сақталады.

Маңғыстау облысы

Күндіз 26 мамырда Маңғыстау облысының кей жерлерінде 39 градус қатты ыстық күтіледі.

Түркістан облысы

26 мамырда Түркістан облысының кей жерлерінде шаңды дауыл, шығыстан 15-20, екпіні 23 м/с желдің күшеюі сақталады. Күндіз 26 мамырда батыста 400С қатты ыстық күтіледі.

Түркістан қ.: 26 мамырда шығыстан 15-20 м/с желдің күшеюі сақталады. Күндіз 40 градус қатты ыстық күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысы

26 мамырда СҚО-да тұман түсіп, жел екпіні күндіз 15-20 м/с-ге дейін жетеді, түнде 25 м/с-ге дейін жетеді.

Петропавл қ.: 26 мамырда жел күші 15-20 м/с-ге дейін жетеді.

Хабар 24 телеарнасы