426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанай облысында мектеп бітіруші түлектердің 72% ҰБТ тапсырады

  • 346
  • UPD: 20:52, 15.06.2020
Қостанай облысында мектеп бітіруші түлектердің 72% ҰБТ тапсырады

Қостанай облысында Ұлттық бірыңғай тестілеуді санитарлық ережелерге сай өткізу жоспарланып отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл мақсатқа отыз миллион теңге қарастырылған. Сынақ тапсыратын тоғыз орын қалалық жоғары оқу орындарында және аудандық мектептерде орналасады. Олар эпидемиолог мамандардың карантин жағдайындағы дайындық қорытындысын алуға міндетті. Яғни, емтихан өтетін нысандардың зарарсыздандыру және дене температурасын өлшеу құралдарының бар-жоғы тексеріледі. Ұлттық бірыңғай тест тапсыруға 3195 өтініш келіп түскен. Бұл – түлектердің 72 проценті. Алғашқы сынақ осы жексенбіде өтеді.

Нұргелді Хасенов, ҰБТ орталығы облыстық филиалының басшысы:

– Кіре берісте балалар зигзаг түрінде баррикадада тұрады. Одан тоннельге өтеді,  үстін дезинфекциялайды. Киіп келген маскасын шешіп жаңадан маска киеді. Санитайзерге келіп, қолдарын жуады. Сосын металл іздеуден өтеді. Сосын әрі қарай аудиториясына өту керек.

 

Хабар 24 телеарнасы