425.59 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

  • 438
  • UPD: 16:49, 27.06.2020
Еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды qazaqstan.tv

28 маусым күні еліміздің бірқатар ауданында ауа райының бұзылуына байланысты ескерту жарияланды.

Көкшетау қаласында күндіз 28 маусымда батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Дауылдың ықтималдылығы 85-90 %.

Петропавл қаласында күндіз 28 маусымда найзағай, дауыл күтіледі. Тәулік бойы 28 маусымда солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20, күндіз екпіні 25 м/с күтіледі. Дауылдың ықтималдылығы 90-95 %.

28 маусымда Қостанай облысының кей жерлерінде күндіз қатты жаңбыр жауады. Кей жерлерде найзағай, дауыл, тұман, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші түнде кей жерлерде 15-20, күндіз 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі. Қостанай қ: таңертең және күндіз 28 маусымда найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. Дауылдың ықтималдылығы 90-95%

28 маусымда Қызылорда облысында батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с, шаңды дауылмен сақталады. Таңертең және күндіз кей жерлерде найзағай күтіледі. Дауылдың. ықтималдылығы 90-100%.

Ақпарат көзі: Kazhydromet.kz

Хабар 24 телеарнасы