426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Өкпе қатерлі ісігіне шалдығудың тағы бір себебі анықталды

  • 483
  • UPD: 17:47, 25.08.2020
Өкпе қатерлі ісігіне шалдығудың тағы бір себебі анықталды

Темекі шекпейтін адамдар үнемі темекінің түтінімен дем алса, қатерлі ісікке шалдығуы мүмкін.

Темекі түтіні қатерлі ісік қаупін 20-30 процент арттырады. Бұл туралы хирург Ренат Хайров айтты, деп жазды ria.ru.

Ол темекі түтінінде адам ағзасының иммундық жүйесін әлсірететін және оны ауруға бейім ететін, иммундық жүйенің қатерлі ісік клеткаларын жою қабілетіне теріс әсер ететін химиялық заттар бар екенін еске салды.

Сондай-ақ темекі түтіні жүрек аурулары мен колоректальді қатерлі ісік, ми қатерлі ісігі, қан қатерлі ісігі және созылмалы обструктивті өкпе ауруының қаупін арттырады.

Ересектер мен балаларда темекі түтінінен ас қорыту жүйесінің аллергиясы, ринит, бронх демікпесі, риносинусит және экзема сияқты аурулар пайда болуы мүмкін.

Одан басқа тағам қуырған кезде шығатын будың да өкпе қатерлі ісігінің пайда болуына себеп болатын айтып өтті.

Хабар 24 телеарнасы