432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Коронавирустан қорғайтын табиғи зат табылды

  • 695
  • UPD: 10:27, 01.10.2020
Коронавирустан қорғайтын табиғи зат табылды

АҚШ пен Қытайдың халықаралық ғалымдар тобы каталаза деп аталатын табиғи фермент SARS-CoV-2 репликациясын басу арқылы COVID-19 белгілеріне қарсы тиімді әсер ететінін анықтады.

Бұл туралы Advanced Materials журналында жарияланған мақалада айтылған.

Зерттеушілер ферменттің қабынуға қарсы әсері бар екенін және цитокиндердің түзілуін реттей алатындығын дәлелдеді.

Цитокиндер иммундық жауапқа қатысады және шамадан тыс көп мөлшерде болса, өлім қаупіне апаратын жүйелік қабыну тудыруы мүмкін. Каталаза сонымен қатар өкпедегі жасушаларды қорғай алады.

Хабар 24 телеарнасы